• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2017

Шығыс Қазақстанда балықшылар одағы құрылды

357 рет
көрсетілді

Әлі ресми түрде тіркеліп үлгермеген одақ әзірге қоғамдық бірлестік ретінде жұмыс істемек.

"Елімізде балық аулау ісін реттейтін заң жобасы дайындалуда. Онда әуесқой балық аулаушылардың құқығын қорғайтын және кейбір әрекеттерін шектейтін нормалар бар. Біз ең әуелі сол заң жобасына ресми ұйым ретінде өз үнімізді білдірмекпіз. Өзен-көл жағасын патрульдеу, су қоймаларын ерікті түрде балықтандыру сынды жобаларға да мұрындық боламыз», - дейді «Шығыс Қазақстан облысының балық аулаушылар одағы» деген атау алған бірлестіктің төрағасы Виктор Волков.

Одаққа мүшелікке өтуге мыңнан астам балықшы ниет білдіргенімен әзірге 10 адам ғана тіркеліпті. "Одаққа мүшелікке өту үшін әрбір қарапайым балықшы бір реттік жарна төлеуі тиіс. Оның құны – 2000 теңге. Бұл ақшаға балықшының суреті мен аты бейнелеген куәлік, балықшылар одағының белгілері бар жапсырмалар жасатамыз. Оны балықшы көлігі мен сыртқы киімдеріне жапсырады. Қалған ақша одақтың құжаттарын тіркеу шығындарын жабады», - дейді В.Волков.

Азамат Қасым,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен