• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2017

Ескі көліктерді жою бағдарламасы бойынша 32 жеңілдік сертификаты берілді

153 рет
көрсетілді

2017 жылдың 26 маусым мен 5 шілде аралығында Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы аясында ӨКМ Операторы жаңа көліктерді сатып алуға мүмкіндік беретін 32 жеңілдік сертификатын табыстады.

Оның ішінде 5 сертификат иегері отандық жаңа көлік сатып алу кезінде сертификаттарын пайдаланған. Ескі көліктерді жеңілдік сертификаты бойынша тапсырудан Қостанай қаласы көш бастап тұр. Онда осы бағдарлама бойынша 5 көлік өткізілді. Одан кейін ШҚО 3 көлікті, Қызылорда қаласы  тозығы жеткен 1 көлікті жеңілдік сертификатына айырбастаған. Қазіргі таңда 1 автобус, 5 жүк көлігі мен 26 жеңіл автокөлік жоюға тапсырылған.  Бұл 1980-1993 жж. аралығында шыққан көліктер.

 ҚР энергетика Министрлігі Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы бойынша жаңа көлікті жеңілдік сертификатымен сатып алуға төмендегі квотаны бөліп отыр: М1 санаты бойынша (жеңіл көлік) – 20 мың ескі автокөлік М2, N1, N2 санаты бойынша(жолаушылар және жүк көлігі) – 1836 М3,  N3 санаты (жолаушылар (5 тоннадан жоғары) және жүк көліктері (12 тоннадан жоғары) – 1164 көлік құралдары   26 маусымынан бастап елімізде тозығы жеткен көліктерді тапсырушыларға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат бағдарламасы іске қосылды. Жеңілдік сертификаты атаулы және  оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға дейін жарамды.

Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.