• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2017

Жыл сайын жаңарып, күн сайын көркейіп келеді

312 рет
көрсетілді

Астанаға ең алғаш Бейжің Оли­м­пиадасының алдында бар­­ға­ным есімде. Ол кезде ел­ор­­дамыз енді-енді салынып, құ­­рылысы қар­қын алып ке­ле жат­қан болатын. Тал-терек, ағаш, гүл атаулы кем­шін еді. Ал бү­гін­гі Астана мен 2008 жыл­ғы Астананы салыстыру қи­ындау болатын шығар. Астанаға әр бар­ған сайын қанаттанып, мар­қай­­ып қайтамыз. Өйткені, Еу­р­а­зия тө­сін­дегі бұл шаһар бү­гін­де еліміздің мақ­танышына ғана емес, әлем назарындағы қа­ла­лар­дың біріне айналып отыр.  Астана жыл өткен сайын жа­­ңа­рып, күн өткен сайын көр­кейіп ке­леді. Спортшы бол­ған­нан кей­ін шет мемлекеттерге көп шы­ғамыз, жа­р­ыстарға ба­рамыз. Сон­да өзге елдегі әріп­­тестерім: «Астана – сон­дай әде­­­мі шаһар. Ұлт­­тық үл­гі­дегі ғи­­­­мараттары қан­­дай! Аз ға­на уа­­­қыттың ішінде осын­­дай ке­­ре­­­мет қаланы қалай са­­лып үл­гер­­діңіздер?» деп таң­да­ныс­та­рын біл­діріп жатады. Өз елің, өз жерің ту­ралы жылы лебіз естудің өзі бір ғанибет.  Биыл, міне, біздің ел­орда­мыз­да халықаралық ЭКСПО көр­­месі өтіп жатыр. Бүгінде бү­кіл әлем Астанаға көз тігіп отыр десек қателеспеспіз. Мұн­дай дү­ниежүзілік деңгейдегі ша­ра­ны өткізу – елорданың ғана емес, елдің абыройы, Елбасының мәр­тебесінің асқақтағаны деп бі­ле­мін.  Барша қазақстандықты, шы­ғыс­­­қа­зақ­стандық жер­лес­терімді Ас­та­на­ кү­ні мерекесімен құт­тық­тай­­­мын! Елі­міз өсіп, өркендей бер­сін! 

Ольга РЫПАКОВА,  Олимпиада чемпионы ӨСКЕМЕН