Сондай-ақ, қонақтарға кештің бағдарламасы ұсынылады.
11 шілдеде сағат 19.00-де "Жетісу - жұмақ мекенім" атты Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сағат 18.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрының қойылымында Д. Исабековтың "Құстар фестивалі" (Жастар театры) спектаклі өтеді. Сағат 12.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрында У.Шекспир "Ромео-Джульетта" спектаклі көрсетіледі.
11-15 шілде аралығында М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің "Туған өлке - тұнған тарих" атты көрмесі өтеді. (Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-тарихи музейі).
11-20 шілдеде сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін "Ұста Дәркембай" атындағы қолөнер музейінің қолөнер және суретшілердің көрмесі, шеберлік класы ("Шығыс базары" этноауылы) өтеді.
11-15 шілдеде Көркемсурет галереясының "Жетісу суретшілері" атты қылқалам шеберлерінің көрмесі (Көркемсурет галереясы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-тарихи музейінде) өтеді.
12 шілдеде сағат 18.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрыныңқойылымында С.Балғабаевтың "Ең жақсы еркек" спектаклі (Жастар театрында) өтеді. Сағат 19.00-де Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының және "Құлансаз" ФЭА-нің "Жетісу - ән, жырдың ордасы" дәстүрлі әншілер концерті өтеді.
13 шілдеде сағат 18.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрыныңМ.Иманғазинов "Ільяс" спектаклі өтеді. Сағат 19.00-де "Талды арулар" Алтынай мемлекеттік халық би ансамблінің концерті өтеді.
14 шілдеде сағат 16.00 - 21.00 аралығында Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының және "Құлансаз" ФЭА-нің "Ауылың сенің іргелі" дәстүрлі әншілер концерті (Этноауыл) өтеді.
14-15 шілде күндері сағат 11.00-17.00 аралығында Алматы облысының спортшыларының қазақ күресінен,аударыспақтан, теңге ілуден, жамбы атудан, асық атудан, бүркіт салудан, тоғызқұмалақтанкөрермендер үшін шеберлік көрсетілімдері және қазақ иттерінің көрмесі (Ипподром, этноауыл) өтеді.
Ал 15 шілдеде сағат 21.00-де "Жерұйық - жасыл бауларым" атты Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы (Амфитеатр) өтеді.