• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Президент 07 Шілде, 2017

Қазақстан мен Түркия президенттері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

112 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде, соның ішінде биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына қатысты пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан мен Түркияның кең ауқымды бағыттар бойынша қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.