• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 10 Шілде, 2017

Италия технологиясының игілігі елімізге келеді

351 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аумағында Италияның көшбасшысы саналатын Апулия өңірі «Ақылды қуат көздеріне арналған ақылды технологиялар» атты семинар өткiзiп, қазақстандық инвесторларға, ғалымдар мен кәсіпкерлерге озық инновациялық жобаларын таныстырды.

«Бұл маңызды тәжіри­беміздің арқасында біз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып отырмыз және біз­дің мақсатымыз – заманауи технологиялардың энергиямен қалай үйлесе алатынын көрсету. Біз жаңғырмалы қуат көздерін дамытумен қатар, жоғары технологиялық және инновациялық құрал­дардың көмегімен қуат үнемдеу мәселесіне де назар аударамыз.  Қазіргі таңда қалдық­тарды болдырмау үшін жоба­­лау тиімділігіне көп көңіл бөлудеміз. Осы тех­но­логияларды Қазақ­стан­да әрі қарай дамыта ала­тын инвесторларды, дист­рибьюторлар мен серік­тес­терді тапсақ деген ниетіміз бар», дейді Энергетика және сандық инфрақұрылым бюросының жетекшісі Кармела Ларадеста. Оның айтуынша, бүгінде Апулия өңірінде өндірілетін қуат­тың 30 пайызға жуы­ғы жаңар­тылатын қуат көздерінен алынады. Бұған қоса, өңір өзі тұтынатын энергиядан екі есе артық қуат өндіреді. Енді қуат өндіру көлемін ұлғайтудан гөрі, оны үнемдеуге басымдық берілуде. «Патенттелген жобалар­дың әрқайсысы өзінің инно­вациялығымен ғана емес, коммерциялық және өнер­кәсіптік мәселелерді шешуге бағытталғандығымен ерек­шеленедi. Мәселен, қал­дықтан түзілген биомассаны өңдеу және қайталап пайдалану технологиясы электр қуатын өндіруге және кейін жойылуға тиіс қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкін­дік береді, ашық булы қабыл­дағыш технологиясы күн­нен қуатталатын электр стан­са­ларының тиімділігін арт­тырады, оттегінің жалын­сыз жануы төменгі сұрып­ты отыннан арзан қуат өнді­реді, көмірсутекті тал­шық­ты пайдалану қоғамдық орын­дарды жарықтандыруға жұмсалатын қуат шығын­дарының мөлшерін қысқар­тады», дейдi К.Ларадеста.

Асқар Жұбатжанов,  «Жасыл экономика коали­­циясының»  инженерi:  – Бiз жасыл экология ая­сында сутегi генераторын жасау­дамыз. Осы жұмысқа Қазақстан-Британ уни­вер­ситетiнiң зертханасы да қосылды. Себебi, сутегi – болашақтың энергиясы. Бiз жасап жатқан сутегi генераторын түрлi қуаттағы автокөлiктерге, автобустар­ға орнатуға болады. Мұндай генератор қозғалтқыш күшiне байланысты отынды шамамен 25-45 пайызға үнемдейдi. Сондай-ақ, ол экология­ны таза ұстауға септi­гiн тигiзедi. Ауаға бөлiнетiн зиян­ды қалдықтар шамамен 2 есе­ге азаяды, көмiртегi қыш­қылы мүлдем бөлiнбейдi. Сутегiнi пайдаланған авто­көлiктiң отыны толық жанып кетедi, күйе қалмайды, қоз­ғалтқыштың жұмысына жақ­сы әсер етедi. Еуропаның бiрнеше елiнде, Жапония мен Оңтүстiк Кореяда осын­дай автокөл iктердiң гибрид нұсқалары мен таза суте­гi қозғалтқыштары пайда­ланы­лады. Таза сутегi қозғалт­қыш­­тарының шығыны көп. Ал бiздiң аз сутегiнi пайда­лану ұсынысымыз технопарк шең­берiнде әзiрленсе, үш жыл iшiнде өнеркәсiп деңге­йiне жеткiзудi көздеп отырмыз.  Расында Италия ғалым­дары ұсын­ған жоба­лардың болашағы зор. Бiзге сутегi күйiн­дегi энергияны дамы­ту үшiн олардың техно­логияларымен танысу қызық­ты болды.