• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2017

Жангелдин ауданында даладағы өрттен шопан қаза болды, 1406 қой қырылды

195 рет
көрсетілді

Албарбөгет ауылдық округінің жайылымдық жерінде болған  алапат өрттен 56 жастағы шопан қаза болған және  осы аудандағы «Айдар» шаруа қожалығының 1406 уақ малы қырылған. Өрт Албарбөгет ауылынан 33 шақырым жерде болған.

Жангелдин аудандық Төтенше жағдайлар бөліміндегілердің  алдын ала болжауынша,  өрт далада түскен найзағайдан тұтанған болуы керек. Өрттің нақты себебін анықтау жұмыстары  әлі жүріп жатыр.

Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары беретін брифингтен кейін өрт туралы толдыққанды ақпарат беретін боламыз.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай    

Сурет 24.kz сайтынан алынды