• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2017

Желілік журнал жарық көрді

199 рет
көрсетілді

Астана күні мерекесі қарсаңында National Digital History (www.e-history.kz) интернет порталы жаңа желілік NDH DIGEST танымдық журналын қалың оқырманға таныстырды.

Журналдың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихын танымдық тұрғыдан, бүгінгі сарынға сай, жеңіл тілде жеткізу. Одан бөлек басылым заманауи тәсілдегі инфографика, сапалы суреттер және әсерлі дизайнымен ерекшеленеді. Алғашқы саны айтулы мереке Астананың туған күніне орай «Бозоқтан Астанаға дейін» деген атаумен жарық көрді. «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Кочетовтің сөзінше, енді журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет оқырмандарға жол тартады. Сондай-ақ, ол журнал: «Әрбір атаулы дата мен тарихи оқиғаларды қамтып отыратын кең көлемді журнал болады», деді.  Электронды басылымның жалпы көлемі – 50 бет. 

Ел сүйсінген елордамыз 20 жылдың аясында әлем мойындағанымен қоймай, осы уақыт аралығында  Астана әлемдік тұрғыдағы айтулы оқиғалар орын алатын басты алаңға айналды. Басты шаһардың бағзы тарихына болсақ, түбі Бозоқтан бастау алатын Астананың өткені өте бай әрі терең екенін портал редакциясының тілшілері тың ізденістермен толықтырып отыр.

Жаңашыл журналда әсем Астананың тағылымды тарихымен қатар бүгінгі жарқын да жайлы өмірінен баян ететін тың мәліметтер, әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктер, инфографикалар жарияланды.

Тұсауы кесілген NDH DIGEST желілік журналы – болашақта терең тарихымыз бен тұғырлы тәуелсіздігімізді жырлайтын басты танымдық ақпарат құралы боларына ден сенімдіміз.

«Егемен-ақпарат»