• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Шілде, 2017

WSB финалына шығатын Astana Arlans құрамы анықталды

136 рет
көрсетілді

Алдағы сенбіде Дүниежүзілік бокс сериясының финалы өтеді. Қазақстан астанасының шаршы алаңында Astana Arlans пен Cuba Domadores командаларының боксшылары кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz.

«Жаттықтырушылар штабы «Cuba Domadores»-ке қарсы финалға шығатын боксшылар құрамын анықтады. Рингке біздің клубымыздың құрамынан келесі боксшылар шығады: Теміртас Жүсіпов (49 кг), Олжас Сәттібаев (52 кг), Ілияс Сүлейменов (56 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Ділмұрат Мижитов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Арман Рысбек (81 кг), Антон Пинчук (91 кг) және Олжас Букаев (+91 кг)», - деді қазақстандық команданың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков.    Оның айтуынша, «Astana Arlans» атынан 75 кг салмақ дәрежесінде кімнің өнер көрсететіндігі әзірге белгісіз, ол бүгін шешілуі тиіс. «Осы салмақта шығады деп жоспарлаған Әбілхан Аманқұл бүгін медициналық тексеруден өтіп, рентгенге түседі. Дәрігерлердің тұжырымынан кейін ғана оның финалға шығу, шықпауы белгілі болады. Егер, жарақат алған боксшының шаршы алаңға шығуына тыйым салынса, оның орнына аталған салмақ дәрежесінде Сапарбай Айдаров шығады», - деді Ақүрпеков.