• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Шілде, 2017

Премьер-Министр Латвия Президентімен кездесті

178 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейониспен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.  

Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн долларды құрады (экспорт - 93,5 млн долл., импорт - 32,7 млн долл.). 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде: $31,8 млн (экспорт - $25,3 млн, импорт - $6,5 млн).

Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.