Мемлекет басшысы өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіруге және электр энергетика саласындағы реттеуді жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.