• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Футбол 11 Шілде, 2017

Чемпиондар лигасы: «Спартак» - «Астана» матчын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

142 рет
көрсетілді

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі латвиялық «Спартак» клубымен елордалық «Астана» арасындағы алғашқы кездесуді Қазақстан аумағында «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

– «Астана» командасы еліміздегі ең мықты клубтардың бірі. Сондықтан «Хабар» арнасына елордалық клубтың Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуін көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандық жанкүйерлер Юрмалада өтетін «Астананың» сырт алаңдағы ойынын тікелей эфирде көргенін қалаймыз», - дейді «Хабар» арнасының спорт бөлімінің продюссері Асхат Жақаев.

Айта кетейік, «Спартак» - «Астана» матчы 12 шілде күні Юрмала қаласында өтеді. «Хабар» арнасы кездесуді Астана уақыты бойынша 22:00-де көрсетеді. Ойынды Ермұхамед Мәулен мен Айбек қабылша жүргізеді.