«ЭКСПО-2017 көрмесіне Гана «Гана – жаңартпалы энергия көздерінің мекені» тақырыбымен қатысуда. Бұл жайт Гана Үкіметінің жаңартпалы энергия көздерін қолдануды және қолдану аясын барынша кеңейту бағытындағы тұрақты шешімдерді қабылдаушы және еңгізуші көшбасшы елдердің бірі екенін көрсетеді. Бірақ, қазақ жерінде өтіп жатқан бұл көрмеге Гананың қатысу себебінің бастысы – екі ел – Қазақстан мен Гана арасындағы және басқа да қатысушылармен бауырмал саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстарды жаңа дәрежеге көтеру. Бұл көрме әлемдік энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру жолын іздейтін таптырмас ерекше алаң болып табылады», - деді вице-министр.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін Астана кандидатурасын қолдағаны және көрмеге белсенді қатысуы үшін Гана Үкіметіне өз алғысын білдірді.
«Гананың Ұлттық павильоны көрменың барлық қонақтары мен қатысушыларын бұл елдің таңғажайып елдің терең тарихамен, көпқырлы мәдениетімен, және де, жаңартпалы энергия көздерін дамытуға бағытталған жұмыстарымен таныстыруға мүмкіндік бергендеріңіз қуантарлық жағдай», - деді вице-министр мырза.
Өз халқының қонақжайлылығымен, мәдени толеранттылығымен танымал болған Гананы Батыс Африка субрегионының бейбітшілік пен келісім оазисі деп айтады.