• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Шілде, 2017

ЕҚЫҰ-ның Министрлер кездесуіне қатысты

164 рет
көрсетілді

Таяуда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Министрлер жиналысына қатысты және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларымен ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Пленарлық сессия барысында Қа­зақ­стан делегациясының басшысы ЕҚЫҰ Іс басындағы Австрия төраға­лығына қолдау білдіре отыра, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырыл­ған 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінің Астана декларациясында бекітіл­ген­дей, тұтас және бөлінбейтін Еуроатлан­тикалық және Еуразиялық қауіп­сіздік қауымдастығын ілгерілетуге бағыт­талған инклюзивті үнқатысудың маңыз­дылығын атап өтті.  Қ.Әбдірахманов қауіпсіздік саласында ағымдағы және болашақтағы қауіп-қатерлерге байланысты, соның ішінде аумақтық жанжалдарды реттеу, әскери белсенділіктің өсуі, әскердің бір жерге жиналуы және оның кесірінен ЕҚЫҰ аумағында туындайтын әскери қақ­тығыстардың қаупіне қатысты құры­лымдық үнқатысуға жағдай жасалғанына тоқталды. Қазақстан Сыртқы істер министрі лаңкестікке апаратын зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алуға арналған «дөңгелек үстелде» Жаһандық лаң­кес­тікке қарсы күрес коалициясы (желі), БҰҰ жаһандық лаңкестікпен күрес стратегиясы, Лаңкестік пен зорлық-зомбылық экстремизмге қар­сы жаһандық іс-әрекет кодексі мен Лаң­кестік ұйымдардың тұтас тізімін құру туралы Елбасының бастамаларын ұсын­ды. Сонымен бірге, Қазақстанның лаңкес­тікке қарсы күрес бойынша шаралары, үшінші және қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламалары мен «Кибер қал­қан» бастамасы жөнінде мағлұмат берді. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Венаға сапары аясында өткен кездесулері мен ЕҚЫҰ дебаттарына қатысуы Қазақ­стан Президентінің бейбітшілік, қауіп­сіздік пен тұрақты дамуға бағытталған бас­тамаларының өзектілігі мен қажеттілігін көрсетіп берді.