• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 13 Шілде, 2017

Экватордағы ел баламалы энергияға құштар

561 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұлттық күнін атап өту реті Гана Республикасына келіп жетті. Батыс Африкадағы шағын ғана елдің халқы өзгелердей пайдасы мол баламалы энергияны қолдайды.

Африка пла­за­сын­­да дәл осындай 21 мемлекет «жасыл» энер­­гетикаға қатысты жобаларын ұсы­ну­да. Гана Республикасының па­ви­льо­нын­да елдің тарихы мен дәстүрі ғана емес, сонымен қатар, балама энергия көз­­­деріне деген заманауи көзқарастар кө­­рініс тапқан. Ганалық ғалымдар да «жа­сыл» энергияны өндіретін түрлі жолдар­ды тал­қылап, оны өздеріне ендіруді көз­дей­ді. Олар баламалы энергия саласы да­мы­ған мемлекеттермен іскерлік байланыс орнатуды жоспарлап отыр.  Салтанатты рәсімнің ресми бөлімі­н­де ганалық делегацияны бастап кел­ген, Сауда және өнеркәсіп вице-мини­стрі Ахенкора Кингсли сөз сөйлеп, елі­нің халықаралық шараға «Гана – жаң­ғыртылатын энергия көздері мүм­кін­дік­терінің тоғысқан жері» ұранымен қа­ты­сып отырғанын еске салды. «Біздің осы көрмеге қатысуымыз – еліміздің жаң­ғыртылатын энергия көздері секто­рын пайдалану және дамыту саласын­да белсенді қатысушы екеніміздің дә­ле­лі. Гана үкіметінің энергетикалық сая­са­ты­ның ортақ мақсаты – 2020 жылға дей­ін елдің жалпы энергетикалық балан­сында жаңғыртылатын энергия көз­де­рінің үлесін 10 пайызға дейін өсіру. Гана мұнай ресурстарын ашқаннан кей­ін африкалық өңірде ірі мұнай өн­діруші болуға ұмтылуда, дегенмен, елі­міз болашақта мұнай ресурстарына тәу­­елсіз әртараптандырылған экономи­ка құруды ойластыруда», деді вице-министр. Ахенкора Кингслидің ай­туынша, нөлдік меридианда және эк­ваторға жақын орналасқан Гана гео­гра­фиялық жағынан ғана емес, стра­те­г­иялық жағынан әлемнің ортасында ор­наласқан. Бұл жағдай мемлекетке Шы­ғыс пен Батыстың арасындағы уа­қыт айырмашылығын пайдаланып, екі жақ­пен де бизнес жүргізу мүмкіндігін береді. Мереке аясында көпшілік Африка елінің бай мәдени бағдарламасын тамашалап, музыкалық театрдың «Wheels» атты қойылымын көрді. Сахнадағы ән-жыр арқылы қонақтар Батыс Африка елдерінің ерекшелігін сезіне алды.