• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Шілде, 2017

Беларусьте жұмыс сапарымен болды

141 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Биылғы 12-14 шілдеде бол­ған сапары аясында Гүлшара Әбді­қалықова Беларусь Президенті Әкім­шілігінің басшысы Н.Кочанова­мен кездесті. Кездесуде өңіраралық деңгейдегі және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар­дағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Беларусь арасын­да­ғы тауар айналымы 2017 жылғы қаңтар-сәуір айларында 160,4 млн доллар болғанын және оның 2016 жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда шамамен 76%-ға өскенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь тарапына Астана­дағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыл­ған көрмесіне белсене атсалысып жатқаны үшін ризашылық білдірді. Н.Кочанова мәртебелі мей­манға сапармен келіп, ЭКСПО-2017 көрмесі ая­сын­да өтетін «Әйелдер бола­шақ­тың энергиясы үшін» атты халық­аралық әйелдер форумына ша­қ­­ыр­ғ­анына алғыс айтты. Сапар аясында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елдер мен құрлықтарды біріктіре­тін ірі мәдени форум – «Славян базары» атты халықаралық өнер фестивалінің ашылуына қатысты.