• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Шілде, 2017

iPhone 8 жаңа дизайны белгілі болды

196 рет
көрсетілді

Соңғы аптада Apple компаниясының жаңа ұялы телефоны туралы қауесеттер ғаламторды қаптап кетті. Соның ішінде компания 10 жылдық мерейтойына арнап тарихындағы ең үлкен iPhone шығарады деген ақпарат расталды. Бұл туралы Forbes тілшісі Гордон Келли хабарлайды.

«Nodus қосымшалар дизайнерімен жұмыс істеу арқылы мен iPhone 8-дің CAD файлдарын көре алдым. Түрлі сенімсіздіктерге қарамастан Apple алған беттерінен қайтпайды және қосалқы жоспарға жол бермейді деп толықтай айта аламын», дейді Гордон Келли.

Енді Apple оған дейінгі телефондарындағы қателіктерді толықтай ескеріп, қолданушыларға мінсіз iPhone 8 ұсынбақшы. Үлкейтілген 5,8-дюйм дисплейдің жоғарғы жағында алдыңғы камера мен датчиктерге арналған жолақ пайда болады. Бұл - хабарламалар iOS 11-де жаңаша көрсетіледі деген сөз.

Сонымен қатар, Apple компаниясы iPhone 7 Plus-те көлденең орналасқан артқы камера мен жарқылын iPhone 8-дегідей тігінен орналастырады. Бұған түрткі болған көлденең орналасқан камералардың өнімділігі. Болжамдар бойынша, телефон көбінесе көлденең қолданылатын болады.

«Ресми суреттерде көрсетілмегенімен, мен iPhone 8 телефонында жарықтандыру порты USB Type-C құрылғысына көшпейтіндігін растай аламын. Естеріңізге сала кетейін, бұл құрылғы MacBook ноутбуктерінде кеңінен қолданылады. Және тағы бір жаңалық, құлаққаптарға арналған бөлім соңғы модельде де болмайды», дейді британдық журналист.

Бұдан бөлек, ең өзекті жаңалық «үйге» апаратын батырманың төңірегінде.

Apple компаниясы iPhone 8 үшін телефонның көлемін шамамен екі есеге арттыруға бел буды. Ал дисплейге Touch ID функциясын біріктіру мәселесі туралы екі ойлы болып отыр. Компания Sony-дің тәжірибесін көшіріп, Touch ID функциясын қуат түймесіне біріктіре алады. Бұл ең ұтымды шешім және Apple қазірдің өзінде сол үшін патент алған болатын.

iPhone 8 туралы әлі де ашылмаған құпиялар баршылық: батарея сыйымдылығы, камера сипаттамалары, A11 чипсетінің өнімділігі және т.б.

Ал оның сыртқы келбетіне келетін болсақ, ханымдар мен мырзалар, бұл нағыз iPhone 8 деуден басқа сөз қалмайды.