Нигерияда Калабар еркін сауда аймағындағы мұнай қоймасында жарылыс болып, 30-дан астам адам қайтыс болып, тағы соншама адам түрлі дәрежедегі күйіктер алды.
Жарылыс жұмысшылар нысандардың бірінде төгілген жанармайды контейнерлерге жинап жатқан кезде болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа төгілген жанармайға жақын жерде темекі шеккен адам себепкер болуы мүмкін. Тағы бір нұсқа бойынша өрт жанармайды ұрламақ болғандардың кесірінен тұтанған.