• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Шілде, 2017

Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын болады

183 рет
көрсетілді

18-20 шілдеда еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр және найзағай болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Құбылмалы ауа-райы республикамыздың шығыс бөлігінде әлі де сақталуда, Батыс Сібір аймақтарынан ылғалды және салқын ауа ағындары келуі жалғасуда.

«Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді желдің күші 15-20 м/с болып, күндізгі уақыттарда бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы шамамен 20...27°С, қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп күтілуде. Республиканың  батысы мен оңтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен, ауа-райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы нормаға жуық және жоғары болады деп күтілуде. Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр әсіресе таулы аймақтарда күтілуде», делінген хабарламада.