• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 18 Шілде, 2017

Испания – планетаға арналған қуат

143 рет
көрсетілді

Осындай атаумен 2017 жылдың 17 маусымында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Испанияның Ұлттық күні аталып өтті.

Шара барысында Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында бірқатар маңыз­ды құжаттарға қол қойылды.

«Бүгін біз денсаулық сақ­тау сала­­сын­дағы үздік ком­пания­лардың бірі «EUROFINSA S.A.» ком­паниясымен ме­мо­­рандумға қол қойдық. Біз­­дің серік­тес­теріміз Қазақстандағы мемлекет-же­кеменшік әріптестігіне ат салысуға ын­талы. Дәлірек айтсақ, заманауи клиникалар салу, технология алма­су, медициналық нысандар құ­ры­лысынан бас­­тап, құ­рал-жаб­­дық жет­­кізу мен оның одан әрі қолданы­луы­на де­йін айналысатын бо­л­ады. Қазір біз шетелдік инвес­торларға арнап жобалардың топтамасын әзірлеудеміз. Бұл Алматы мен Астана қалаларында студенттік клиникалар салу мен аудандарда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру», дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

«Біз меморандумдарға қол қойылғандығына өте қуаныш­тымыз. Бұл арқылы Қазақстанмен санитарлық қызмет саласында серіктестіктің негізі қалануда деп есептеймін. Бізде әлем бойынша 30 шақты жобамыз бар. Бүгіннен бастап Қазақстанмен серіктестіктің басталғанына дән ризамыз. Біздің компанияның денсаулық сақтау саласында жинаған тәжірибесі мол. Сондықтан бар білгенімізбен Қазақстанда бөліскіміз келеді. Соңғы 5 жыл ішінде 2 миллиард АҚШ долларын түрлі маңызды жобаларға инвестицияладық», дейді «EUROFINSA» компания­сының өңірлік директоры Игнасио Касановас.

2017 жылғы 15 шілдеде Астана­да Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Педро Хосе Санс Серрано Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің үкіметі арасындағы құпия ақпа­рат­ты өзара қорғау туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, шара бары­сында Қазақстан Республи­касы Денсаулық сақтау министр­лігі мен «EUROFINSA» ком­па­ниясы арасындағы Қазақ­стан Республикасының денсау­лық сақтау саласындағы инфра­құрылым мен мемлекет-жекемен­шік әріптестігін дамыту жө­нін­­дегі ынтымақтастық тура­лы мемо­­рандумға қол қойылды.

Бүгіннен бастап Қазақстан Испаниямен авиация саласында да серіктес атанды.  «Қазақстандағы авиа­циялық индустрия» ЖШС бас директорының міндетін ат­қа­рушы Сырымбек Сәдуақасов және «Airbus Defense and Space» компаниясының әскери ұшақтарды сату бойынша басшысы Оскар Алонсо Ромеро «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС және «Airbus Defense and Space» ком­паниясы арасындағы техни­ка­лық қолдау саласындағы ынты­мақ­тастық туралы келісімге қол қойды.

Тағы бір жағымды жаңалық, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық комп­а­ния­сы» акционерлік қоға­мы бас­қармасының төрағасы Айдарбек Қожаназаров және «IMASA» компаниясының халықаралық директоры Луис Госнего «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпо­рациясы» ұлттық компания­сы» акционерлік қоғамы мен «IMASA» компаниясы арасын­дағы Астана қаласында модульді құры­­лымдар­ды пайдаланатын зауытты құру жөніндегі ынты­мақтастық туралы меморан­думға қол қойылды.

Екі елдің өкілдері бірлесіп ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі аумағында орналасқан Испания Корольдігінің павильо­нын тамашалады. Шара соңында қонақтар естелік суретке түсіп, көрме туралы жылы лебіздерімен бөлісті.

Айгүл ШЕРНИЯЗ, «Егемен Қазақстан»