• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

20 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті. Олардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиға жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 литрлік газ баллонынан газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша өрт шыққан. Алдымен үйдің дәлізіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған, кейін жалын шатырдың ағаш құрылымдарына тараған.

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Жарылыс кезінде үй ішінде адамдар болған. Оқиға орнына бірден жедел жәрдемнің үш бригадасы жіберіліп, Ақсу қалалық ауруханасына 56 және 54 жастағы екі әйел мен 33 жастағы ер адам жеткізілді.

Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1970 жылы туған әйелдің денесінің 50-55 пайызы күйіп, беті мен денесін термиялық күйік шалған. Ол ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Шахтинскідегі жарылыс: Пәтерді қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Ал 1972 жылы туған әйелдің қолы, аяғы және құлақ қалқандары күйген. Ер адам қолын күйік шалған. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, екеуі амбулаториялық емге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар