• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2017

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 800 адам баспаналы болады

131 рет
көрсетілді

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қала сыртындағы жаңа тұрғын үй массивінде 3-4 қабатты шағын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұл үйлер жаңа технологиямен қысқа мерзімде тұрғызылады. Таун-хаус үйлердің біреуінде 24 пәтер болады. Заманауи баспана мемлекеттік бағдарлама бойынша банк арқылы несиеге беріледі. 2017-2018 жылдары осындай 60 тұрғын үй салынуы тиіс болса, оның 22-сі биыл тапсырылады. Яғни, үй кезегінде тұрған 800 адам баспаналы болады. Жалпы биыл облыста 650 мың шаршы метр тұрғын үй салынып бітеді. Жыл басынан бері 1500-ден астам үй пайдалануға берілді. Одан бөлек кезекте тұрған мыңнан астам тұрғын өздеріне тиесілі жер телімін алған. Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мақсатында инженерлік желілер құрылысына 7,5 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаржыға газ, су, кәріз және электр желілері жүргізіледі. Бүгінде облыста үй кезегінде 25 мың адам тұрса, жер алуға 134 мың тұрғын өтініш берген.

"Құрылыс материалдарының 90%-ына «Үй құрылысы комбинат» өзі шығарған жергілікті материалдарды пайдаланады. Тек 10% сантехника Ресей Федереациясынан, жақын жерден алынып жатыр. Ерекшелігі, бір айдың ішінде 3 қабатты 2 кіреберісті үйлер аяқталуға жақындады", деді мердігер компания директоры Ақнұр Ақмәди.