• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2017

Петропавлда қоршаған ортаны ластайтын 1848 кәсіпорын бар

104 рет
көрсетілді

2016 жылы  қоршаған ортаны ластайтын 1848 кәсіпорын тіркеліп, олардан 1 миллион 79 мың тоннадан астам қалдық зат шығарылыпты.

Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға көп. Ауаға барлығы 77 миллион тонна лас заттар  таралса, оның 66,5 пайызын газ тәрізді сұйық заттар құрайды.

Қоршаған ортаны ластайтын аумақтардың көшін Петропавл қаласы бастап тұр. Оған айналаға таралатын барлық зиянды заттардың 56 пайызы тиесілі.

Одан кейінгі орындарды Ғ.Мүсірепов, Айыртау, М.Жұмабаев аудандары «бөліседі».

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»