• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2017

Саясат: сыр мен сипат

5231 рет
көрсетілді

Саясат – өркениетті адамзатпен бірге жасасып келе жатқан қо­ғам­дық құбылыс. Ол түрлі топтардың мүдделерінің өзара бә­се­­келесу, текетіресу, бірін-бірі сынау алаңы іспеттес. Саяси идеялар, көзқарастар мен бағдарламалар негізінде саясат әлеуме­ттік қауымдастықтың игілігіне айналады. Ал әртүрлі топтар­дың мүдделері, мақсаттары мен құндылықтары саналуан бол­ғандықтан, саясат та түрлі бағыттар мен жолдардан тұрады. Сая­са­т­­та адамдар мен олардың көзқарастары, ұстанымы, мүдделері шешуші рөл атқарғандықтан ол субъективті құбылыс. Саясаттың бо­луы қоғамда орын алып отырған объективті факторларға байла­нысты.

Саясат – объективті шындық. Өмір­де материалдық заттар қан­ша­лықты орын алса, саясат­тың да алатын өз орны бар. Оның ерек­шелігі көзге көрініп тұр­май­тын­дығы, қолмен ұстап ала ал­май­­тындығымызда. Саясат біздің өмі­рі­мізге, қоғамдағы орнымызға, біз­­ді қоршаған дүниеге өзінің ерек­­ше ықпалын тигізуімен де ерек­шеленеді. Саясат – сөз, мақ­сат­­тар, жоспарлар, идеялар, ұсы­ныс­­тар, бағдарламалар, заңдар мен конституциялардан көрініс та­бад­ы. Ол – субъективті құбылыс. Де­­мек, саясат адамдардың түрлі топ­­тарының, халықтардың, мем­ле­кеттердің, трансұлттық ұйым­дар­дың мақсаттар, міндеттері мен мүд­де­лерін жинақтаған көрінісі және синтезі. Саясат, сондай-ақ, мүдделер негізінде қалыптасады.

Саясат билікпен байланыс­ты болғанда реформалардың іске асуы жылдамдайды. Әсіресе, мем­ле­кеттік билікке қол жеткізген топ өз саясатын елге таңуға, оны мем­ле­кет­тік басқару органдарының қыз­меті арқылы жүзеге асыруға мүм­кін­дік алады. Билікке қол жеткізе алмаған мүдделі топтар өз саясатын халық арасында насихаттаумен және билікке ықпал етуге тырысумен айналысады. Демек, саясат пен билік тәуелді байланыста. Билік мәселесі үнемі саясат мәселесіне, ал саясат мәселесі билік мәселесіне ай­налып отырады. Билік саясатты іске асырудың құралы. Саясат би­лікті жүргізудің, іске асырудың, ұс­тап тұрудың және билікті пайдаланып қоғамды өзгертудің жолдары, айла-тәсілдері және бағыт-бағ­дары. Сая­сат­ы жоқ ел мен ха­лық болмайды. Сондықтан саясат адам­затқа тән жал­пылық сипатқа ие жал­пы­адам­зат­тық құбылыс.  Саясат – ғылым және өнер. Оның ғы­лым болуы күрделі қоғамдық қа­ты­настар мен объективті шын­дық­тар­ға тікелей қатынаста, солардан ту­ындауына байланысты. Саясатты өнер ететін адамдар, түрлі топтар, саяси партиялар. Кім халыққа жа­ғым­ды, кім сүйкімді, кім елді өз соңынан ерте алады. Мұның бар­лы­ғы саясат өнері. Кейбір партия­лар ұлтшылдық, отаншылдық ұран­­дарымен электоратты тартса, ке­ле­сі партиялар экологиялық мә­се­­лелерді шешу жолдарын ұсы­нып, халықты өз соңынан ертуге ты­­рысады. Тіптен агрессиялық, шо­­винистік ұрандармен халықты өз соңынан ертіп әкететін партия­лар да бар. Саясатта әділет, қулық, арам­дық, халықшылдық, патриотизм, т.б. түрлі көзқарастар шым-шытырық орын алып жатады. Саясат феноменінің күрделі болуы да осында. ХХ ғасырдағы КСРО-да бас­тал­ған социалистік қоғамды құру саясаты 60 миллионға жуық адам­ның өмі­рін жалмаса, шо­винистік фа­шизм саясаты да осын­шама адам­ның өмірін құр­бан етті. ХХ ға­сыр фашизм мен социализмнің те­кетіресі болса, ХХІ ғасыр жа­һан­­дық қарама-қарсылықтың ши­е­ленісе тү­суімен ерекшеленуде. Тех­н­и­калық прогресті адамзатты сақ­т­ау, адамның өмір сүру мүм­кін­дігін арттыруға жұмылдыру саясаты шешуші маңызға ие болуда.

Мемлекеттер мен халықтарды жақ­сылық пен жасампаздыққа не­месе жаулық пен зорлыққа да бастайтын саясат. Мүдделі топ ізг­ілікті, гуманизм мен демо­кра­тия­ны басшылыққа алса, өр­ке­ни­еттіліктің жолындағы даму бағыты ашылады. Ол топ агрессияны, зорлықты басқа халықтарды бағындыруды мақсат етсе агрессияшыл, зорлық саясаты таң­далады. Қоғамдық шындыққа сәй­кес келмейтін саясатта немесе оны бұрмалайтын саясатта болашақ жоқ. Ондай саясат қоғамды, мем­ле­кет­ті тоқырауға ұшыратады, ке­рі ке­ті­реді. Жалғандыққа, мақтау мен ұраншылдыққа негізделген саясат та тиімді емес. Ондай қоғамдар үнемі дағдарыстарға ұшырап отыра­ды. Өтірік уағдалардан, орынсыз мақ­таулардан халық тез жерінеді. Өз халқын объективті шындықтар мен нақты ахуалға дұрыс баға беру саясатымен тәрбиелеген мемлекеттер ұдайы табыстарға жетеді.  Саясат құбылысы барлық мемлекеттерге ортақ болғанымен әрбір ел өзінің мүдделеріне сәйкес сая­сат ұстанады. Өкінішке қарай, кей­бір мемлекеттердің саясатын аз сан­ды билеуші топтың эгоистік, жем­- қ­орлық, топтық саясаты ай­қын­дай­ды. Ондай мемлекеттерде халық би­леу­ші топ саясатына іштей немесе ашық қарсылық көрсетуде болады. Адам­зат тарихында басым мемлекет­тер өзінің саясаты ар­қылы өз құндылықтарын әлем ха­лық­тарына таңуға үнемі ұмтылып ке­леді. Агрессиялық, басқыншы сая­сатты ұстанған мемлекеттер де бар. Әлсіз халықтардың жер бай­лықтарын, еңбек ресурстарын ғ­асырлар бойы қанаған отаршыл мем­лекеттердің отарлық саясаты олар­ға көп пайда әкелгендігі белгілі. Еуропа қалаларын көркейтіп тұрған зәулім, әсем сарайлар мен үйлер ХV ғасырдан басталған отарлау саясатының табысына салынғаны белгілі.

Қазір дамыған мемлекеттер дәс­түрлі отарлау саясатынан бас тар­тқанымен неше түрлі ай­ла-тә­сілдерге негізделген не­о­им­пе­ри­а­- листік саясат ұстануда. Тех­но­­логия, ақпарат, бизнестік жоба­лар, инвестициялар т.б. әлсіз ха­лықтарды «сорудың» жаңа сая­са­тына айналған. Әсіресе, әлем­дік бұқаралық мәдениетті уа­ғыз­дау, та­­рату кең қанат жаюда. Аме­ри­ка­лық поп музыка, эстрада, джаз, т.б. әлем халықтарын мәдени бі­ре­гей­лендіруде. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ға­сыр­дың басындағы адамзат тарихын­да шешуші рөл атқарып отырған ба­сым саясат – жаһандану саясаты. Жаһандану үрдістері әлемдік уни­фикацияланған на­рық­тық қа­ты­настар негізінде пай­да болды. Бірегейленген эко­но­микалық, қар­­жылық жүйелер, аме­рикалық тран­­сұлттық ко­р­по­рациялардың кү­­шеюімен бір­ге келген АҚШ долларының әлем­­дік валютаға ай­на­луы, әлем мем­лекеттерін жа­қын­дас­тыр­ған сау­да-саттық, ақ­па­рат­тық тас­қын мен ортақ технология­лар жа­­һандану тенденциясын тіп­тен кү­шейте түсуде. Барлық елдер­де дерлік материалдық бай­лы­қ­қа құштарлықтың артуы, адам­дар санасының ақшаға құ­ны­ғуы жаһанданудың жаңа бір ортақ белгісін ашып берді. Ол белгі – қайтсем де ақша табам, қайтсем де бай боламын деуге құл­шыныс. Басым державалар өз ми­л- лиардерлерінің және мем­ле­ке­тінің баюы мүддесі үшін даму­шы елдерге неше түрлі айла-тә­сіл­дер­мен, күш көрсетумен зор­лықтар жа­сауда.  Неоимпериалистік, жаңа отарлау саясатының мақсаты – дамушы елдердің ресурстарын «сору» ар­қылы баи түсу. Жаһандану сая­са­тындағы осы қайшылық әлем­дік қау­іптер мен қатерлердің се­беп­­те­ріне айналуда. Батыс дер­жа­ва­ла­рының жаһандану саясаты ар­қы­лы әлемді бағындыру саясатына ашық қарсы болған Ирак, Ливия, Ауғанстан сияқты мемлекеттер ха­лық­аралық агрессияға ұшырауда. Әлем­ді бағындыруға ұмтылған АҚШ мемлекеті «америка ұлты­ның мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқ­сан келтіреді» деген сылтаумен Ау­ғанстанды, Сирияны тас-талқан ет­ті. Әрине, бұл мемлекеттердің іш­кі ахуалы мен саясаты өз х­ал­ық­тарының мүдделеріне сәйкес кел­ген жоқ. Бірақ, АҚШ пен оның одақтастары үшін әр ұлттың өз тағ­дырын өзі шешуі, өз билігін өзі таң­дауы маңызды болып отырған жоқ. Жаһандану саясаты күрделі үр­дістер арқылы халықтар мен мем­лекеттерді біріне-бірі ұқсас ете түсуде. Батыстық стандарттар қа­зіргі кезеңде инвестициялар, техно­логиялар, қарыз беру, біріккен құ­рылыстар салу, ортақ бұқаралық мәдениет арқылы тіптен жылдам таралуда. Әлем мемлекеттері мен халықтарында ортақ белгілер мен құбылыстар көбейе түсуде.  Жаһандану саясатының түпкі мақ­саты – әлем халықтарына аме­рикалық, батыстық ойлау жүйе­сін және өмір салтын та­ңу. Сон­ы­мен қатар, жаһандану үрді­сі­нің та­биғи тарихи себептері де бар. Адам­зат қоғамының дамуының өзі жаһандану үрдістерін әкелуде. Мұн­­дай себептердің қатарына әлем­­дік экологиялық дағдарысты, түр­­лі індет аурулардың таралуын, азық-түлік пен қуат көздерінің тап­­­шылығын, халықаралық тер­ро­ризмді, тағы басқа да құбы­лыс­тар­ды жатқызуға болады. Сон­дық­тан жаһандану үрдісінің бір жа­ғы­нан жасанды, екінші жағынан объ­ек­тивті себептері бар.

Қазіргі қоғамда әлем мем­ле­кет­тері саяси жүйелерінің жаһандану үр­дісінің ықпалына ұшырағаны бай­қалуда. Халықтардың неғұрлым әді­летті, тиімді, халыққа жақын сая­си жүйені жасауға ұмтылуы әлем­дік аренадағы демократия­лану үрдісін өмірге әкеледі. Дем­о- к­ратия – әлем халықтарының әді­­л­етті билік жасаудағы ортақ, озық тә­жірибелерінің жиынтығы. Сая­сат­тағы ізгілікті, гуманитарлық ой­дың озық жетістіктері адамның бос­­­тандықтары мен құқықтарын қор­­­ғаудың, оның өмірін қалыпты ету­дің жолдарын демократия құн­ды­л­ықтарынан тапты. Сон­дық­­тан қа­зіргі кезеңде әлемдегі 194 мем­­ле­кеттің 150-ден астамы де­мо­­кра­тия­­лық жүйені және де­мок­ра­тия­лан­ды­ру саясатын таңдап отыр. Адамзаттың гуманитарлық ойы демократиядан басқа дұрыс, әді­летті қоғам құру жолын таба ал­ған жоқ. Белгілі кемшіліктеріне қа­ра­мастан, демократиялық қоғам құ­ру саясатынан озық ештеңе жоқ. Де­мо­к­ратияны таңдаған мемлекеттер ға­на дамудың жолына сенімді түрде тү­се алуда. Бірақ, демократия жасанды, көзбояу үшін ғана болмауы керек. Шын мәніндегі демократия әлемдік саяси ой мен тәжірибеде әбден сыналған әмбебап принциптерге негізделеді. Олар: биліктің халық алдында есепті, жауапты болуы, негізгі билік тармақтарын халықтың басым көпшілігінің дауыс беруімен сайлануы, сайлау нәтижелерінің әділ болуы, оны бұр­малауға жол бермеу, билік тар­мақ­тарының бөлінуі, бірін-бірі қа­таң бақылауы, Конституция мен заң­дардың толыққанды орындалуы, сөз, баспасөз, көзқарастар бос­тандықтарының болуы, қоғам үшін ортақ нормалар принциптері мен ережелердің орындалуы, т.б. Мі­не, осындай мемлекеттік саясатты таң­д­аған елдердің әлеуметтік-эко­но­­микалық дамуда табысқа жете ала­­тындығына сенім күшті. Демократияланды­ру саясаты Қазақстанда шын мә­нін­дегі дамыған мемлекет құруға жол ашуда. Қазақстан әлемдік демок­ратия толқынына еніп, нақты де­мократиялық құндылықтарды қа­лып­тастыруда. Жоғарыда атал­ған демократиялық қоғам бел­гі­лерімен қатар қазақ халқының ұлт­­тық тілінің, мәдениеті мен өне­рі­нің, тарихы мен дәстүрлерінің сақ­­талуына күш салатын саясат Қазақстанның бағын ашады. Де­мократия талаптары мен ұлт­тық құн­дылықтардың ұштасуы Қаз­ақ­- станның даму моделінің нег­ізгі белгісі болмақ. Осы талаптар орын­д­алған жағдайда өмір сүруге қо­лайлы қауіпсіз мемлекет жасала­ды. Онда азаматтар сапалы білім ала алады, медициналық көмектен кен­де болмайды.  Мемлекеттік билік өз аза­мат­та­­рының белсенді еңбек етуіне барын­ша қолайлы жағдай туғызады. Та­быс­ты еңбек арқасында әр отбасы азық-түліктен таршылық көрмейді. Олар­дың әрқайсы өз үйлерінде тұ­ру­ға қол жеткізеді. Еңбек демалысы толыққанды болып, әр азамат мә­дени демалу мүмкіндігіне ие бо­лады. Азаматтар саяси пікірлері мен көзқарастарын ашық айта алады. Осындай әлеуметтік мемлекет құ­ру саясаты дұрыс саясат ретінде таң­далады. Қазіргі халық үшін ка­питализм, либерализм, социали­зм маңызды емес. Ол үшін тыныш, отбасының бай-қуатты өмірі ма­ңызды.  «Қазақстан-2050» стратегия­сын­да осындай халықтық және мем­лекеттік құндылықтарды ұш­тас­­тырып шешу міндеттері күн тәр­ті­біне қойылып отыр. Әлемдік  4 ин­дустриялық революция көшінен қал­мау мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бекітілген. Ол қадамдарды өз мерзімінде орындау Қазақстанды жаһандық бәсекеге қабілеттілікке жеткізеді. Ел билігі дұрыс саясат таңдап отыр. Осы халықтық саясатты іске асырсақ, Қазақстан шын мәніндегі Мәңгілік Елге айналады.

Сайын БОРБАСОВ,  саяси ғылымдар докторы, профессор 

АЛМАТЫ