• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2017

Абаттандыру ережесін бұзған астаналық кәсіпкерлер айыпқа тартылды

210 рет
көрсетілді

Жыл басынан ҚР ӘҚК-нің 505 бабы бойынша 800-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі: дәмханалар, мейрамханалар, сауда үйлері мен сұлулық салондарының қожайындары жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 млн. теңге. Жақында «Орион» қонақ-үйінің қожайынына Пушкин көшесі бойынша орналасқан балабақша аумағына жуынды лас суды ағызғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде (68 070 теңге) айыппұл салынды. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері «Абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласы аумағында тазалықты қамтамасыз ету» ережесін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.