Қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақ (Busline) пен бірқатар көшелерде бір бағытты жолдың енгізілуі, тұрақтардың ақылы болуы және бейнебақылау камералары санының артуы қаладағы көлік апаттарын қысқартуға демеу болып отыр, деп хабарлады қаланың жергілікті полиция қызметі.
татисткалық мәліметтерге қарағанда, жалпы апат бойынша жағдай қаңтар-шілде аралығында 15,1 пайызға кеміді. Жарты жыл ішінде 50-ге жуық жол апаттары өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда аз болды. «Өткен жылы 6 ай ішінде 337 жол-көлік оқиғасы тіркелген болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 286-ны құрады. Сонымен қатар жол-көлік апаттарынан зардап шеккендер саны да төмендеп отыр. 2016 жылы қала жолдарында 374 адам зардап шексе, биыл 291 адам осындай жағдайға тап болды»-делінген жергілікті полиция қызметі таратқан мәліметтерде.