• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2017

Тараз қаласындағы «Арай» алқабының көшелері жөнделуде

480 рет
көрсетілді

Еліміздегі «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бүгінде халық үшін тиімді болып отыр. Сондай-ақ, аталған бағдарламалар өңірлерде де өркен жайып, ел игілігіне айналуда. Соңғы жылдары Тараз қаласындағы «Арай» алқабынан жаңа тұрғынүйлер салынған болатын. Қалада жүргізіліп жатқан қарқынды құрылыс шаһардың көркіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып келеді. Енді бүгінгі таңда «Арай» алқабындағы көшелер жөнделу үстінде.

Бұл алқапта жауын-шашын кезінде көшелер батпаққа айналып, осы уақытқа дейін тұрғындар едәуір қиыншылық көріп келді. Әсіресе күз және көктем мезгілдерінде жол салынбаған көшелердің кедергісі көбейген болатын. Балалардың мектепке баруы, сондай-ақ күнделікті тіршілік барысында ары-бері жүрудің өзі қиын еді. Енді бүгінде сол олқылықтың орны толып, бұдан кейін алқап тұрғындары жаңа жолмен жүретін болады.    

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 227 миллион теңге бөлініп, оның игерілуі 2 жылға жоспарланған. Аталған қаржының 91 миллион теңгесін осы жылы игеру көзделіп отыр. Ал құрылысты жүргізуші мердігер компания «Арай Строй Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қалалық тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Ерлан Әбілдаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Бәйдібек баба, Домалақ ана, Майлықожа, Шота Руставели, Тайбурыл көшелеріне қиыршық тас төселіп, тегістеліпті. Тас жолдың ұзындығы 17 шақырым. Құрылыс жұмысына 30 адам еңбекпен тартылып, оған 15 техника тартылған. Ал алқап тұрғындары жол мәселесінің шешілгеніне қуанышты. Осы орайда тұрғындар мемлекет қолдауына риза екендіктерін жеткізіп отыр.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы