• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2017

Астананың кей жерлерінде көлік қозғалысы шектеледі

125 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы Молдағұлова көшесінің кей жерлерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

Молдағұлова көшесіндегі Жеңіс даңғылы мен Потанин көшесіне дейінгі аралықта асфальт бетон жабындыларын қайта жабу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 20-25 шілде аралығындағы аталған көшенің кей жерлерінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Астана ІІД елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан жол кептелістерін туғызбас үшін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.