• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2017

Маңғыстауда битумды түріктер өңдемек

218 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов мұнай және газ саласына инвестиция тарту мақсатында  «Биби Энерджи»,  «Энерво Энерджи» компаниясының өкілдерімен кездесті. 

Қазіргі таңда  Каспий жағалауындағы елдер өзара ынтымақтастық жүргізіп отыр. Түркия және Маңғыстау облысының тауар айналымы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 25,4 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда  2,6 есеге артық.

Инвесторлармен  ұсынылған жобаның болашағы зор, өйткені «Биби Энерджи» компаниясы Маңғыстау облысының аймағында битумды өңдеумен айналысатын болады. Инвестиция сомасы 120 млн. АҚШ доллары. Бұл құрылыс барысында 200 жаңа жұмыс орнын және іске қосылған кезінде 160 орын ашуға мүмкіндік береді. Инвесторларға ұсынылған жер «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан, делінген баспасөз хабарламасында.

Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Биби Энерджи», «Энерво Энерджи», «Кассанов Инвестмэнт Групп» арасындағы төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесуде аймақтың инвестициялық әлеуеті таныстырылды. «Биби Энерджи» компаниясы электр энергиясын сату және сауда, логистика салаларында үлкен тәжірибесі бар әлемдік жетекші, тәуелсіз компаниялардың қатарына кіреді. Компания жыл сайын 17 млн. метрикалық тонна шикі мұнай және оның өнімдерін сатуда.

- Бүгінгі кездесу біздің ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін болады, өйткені біздің аймақ жаңа қызмет саласын және жаңа жобаларды ашуға мүмкіндік береді, деген аймақ басшысы Е. Тоғжанов облыс әкімдігі кез келген бірлескен бастамаларға және инвестицияны қорғау мәселесінде де қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

Гүлайым Шынтемірқызы,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы