• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Шілде, 2017

Астанада қоғамдық көліктердің бағытына өзгеріс енгізілді

391 рет
көрсетілді

2017 жылдың 22 шілдесінен бастап Астана қаласы көліктердің жүйесін жаңғырту мақсатында қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгертіліп, жаңа маршруттар іске қосылады.

Атап айтқанда №7 маршруттың қозғалыс бағыты екі көліктің қозғалыс бағытына (№7,11) бөлінеді:

Мәселен, №7 маршруты «Бал бала» бақшасы аялдамасынан Алаш тас жолы – Солтүстік айналма жолы тас жолының қиылысына дейін қозғалыс бағыты өзгеріссіз қалады, әрі қарай Солтүстік айналма жолы бойынша солға бұрылып, С316 көшесіне дейін жүреді, соңғы аялдама - «Алай-Astra» СО.

Кері бағытта қоғамдық көліктің бағыты сол күйінде қалады.

№11 маршруттың кестесі өзгертілді: «Алай-Astra» СО аялдамасынан, С316 көшесінен солға бұрылады – Солтүстік айналма тас жолы – Алаш тас жолы бойынша солға – 69 көше – А. Пушкин көшесі – Абылай хан даңғылы бойынша солға – Ғ, Мүсірепов көшесінде солға – Ш. Құдайбердіұлы көшесінде оңға – Р. Қошқарбаев көшесінде оңға, Р. Қошқарбаев көшесі бойынша тік жүреді де, Төлебаев көшесінде оңға, А йнакөл көшесінде оңға, Абылай хан даңғылы - Қобда қиылысында оңға – Төлебаев көшесінде солға – Шарбақты көшесі – соңғы аялдама – «Астана-Нұрлы жол» теміржол вокзалы.

Кері бағытта қоғамдық көліктің бағыты Қобда – Абылай хан даңғылы көшесінің қиылысына дейін сол күйінде іске асырылады, әрі қарай Абылай хан даңғылында солға, Р. Қошқарбаев көшесінде оңға, әрі қарай қозғалыс бағдары сқталады.

«Shuttle-Bus» №501 маршрутының қозғалыс бағыты өзгертілді:

Қоғамдық көліктің соңғы аялдама бекеті «Рахмет» СО Ұлытау көшесі бойынша «Қарасу көшесі» ТК»-не ауыстырылды.

«Қарасу көшесі» аялдамасынан Ұлытау көшесіне дейін қозғалыс жүзеге асырылады, әрі қарай Ақмола көшесі – Сарыөзен көшесі- Н. Тілендиев даңғылы – Ш. Бейсеков көшесі, Ш. Айтматов көшесі – Орынбор көшесі – Сығанақ көшесі – Сауран көшесі, Керей көшесі, Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік ел даңғылында оңға, 31 көшесі, соңғы аялдама – «Клиникалық-оңалтау кешені».

Кері бағытта қоғамдық көліктің бағыты өзгермейді.

«Shuttle-Bus» №502 маршрутының қозғалыс бағыты өзгертілді:

Теміржол вокзалы аялдамасынан Жеңіс даңғылы-Бөгенбай батыр даңғылының қиылысына дейін қозғалыс бағыты өзгеріссіз қалады, әрі қарай Бөгенбай батыр даңғылында оңға, Сарыарқа даңғылында солға, әрі қарай қоғамдық көліктің бағыты сол күйінде сақталады.

Кері бағытта қоғамдық көліктің бағыты сол күйінде қалады.

«Shuttle-Bus» №503 маршрутының қозғалыс бағыты өзгертілді:

Қоғамдық көліктің соңғы аялдама пункті «Арнау» ТК-нен Ұлы дала көшесі бойынша «Комфорт Таун» ТК-не ауыстырылды.

«Алай-Astra» СО аялдамасынан Мәңгілік ел-Ұлы дала көшелерінің қиылысына дейін қозғалыс бағыты өзгеріссіз қалады, әрі қарай Мәңгілік ел даңғылы бойынша тік жүреді де, «Комфорт Таун» ТК» аялдамасына дейін жетелейтін жолда солға бұрылады, жаңа соңғы аялдама «Комфорт Таун» ТК».

Кері бағытта қоғамдық көліктің бағыты сол қалпында қалады.

№64 маршруттың кестесі өзгертілді:

«Газмашаппарат» аядамасынан Мұстафа Кемал Ататүрк даңғылы – Вильям Шекспир көшесінің қиылысына дейін қозғалыс бағыты өзгеріссіз қалады, Вильям Шекспир көшесінде солға, А 207 көшесі – «Жиһаз зауыты» аялдама бекеті.

Кері бағытта қоғамдық көліктің бағыты өзгермейді.