• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Шілде, 2017

Бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

531 рет
көрсетілді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың батысында, оңтүстік батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қарағанды, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жауады, дауыл тұруы мүмкін.

Павлодар, күндіз Солтүстік  Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с артып, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артатыны болжанады.

Күндіз Алматы, Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Қостанай,  Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.