• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Шілде, 2017

Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралды

325 рет
көрсетілді

Рио-де Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мен Ұлттық құрамаға қайта оралдым. Алла қаласа алдағы уақытта бұрынғыдай құрама сапында өнер көрсететін болам. Қазір Астанада отбасыммен бірге демалып жатырмын. Бұйырса дайындықты бастайтын күндерім де алыс емес», деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол алдағы уақыта қай салмақта өнер көрсететінін де айтып өтті.

«Мен «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде Олимпиада чемпионы атандым. 4-5 жыл осы салмақта жұдырықтастым. Алдағы уақытта да осы салмақта қала беремін», деді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасынан кейін австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Алайда, аталған компания уәдесінен тайып, кейін келісімнен бас тартқаны туралы хабарлағанбыз. Осыдан бірер ай бұрын Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта келуі мүмкін екенін айтқан болатын.