Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен жастар Қазақстанның оңтүстік облыстарынан, Қарағанды мен Ақтөбеден келген. Ант берген сарбаздар саны 200-ден асып жығылады.
«Бүгін сіздердің өміріңізде ұмытылмас шара өтіп жатыр. Сіздер Отан алдында, Президентке ант бердіңіздер. Қоғамдық тәртіптің, тыныштықтың сақталуына бар күш-жігерлеріңізді жұмсайтын боласыздар. Ер азаматтың, жастардың ең үлкен парызы – ел тыныштығын, Отанды қорғау. Ел сенімін ақтаңыздар!» деді 6697-ші әскер бөлімінің командирі, майор Ерлан Ипатов.
Жастардың ант беру рәсімі салтанатына олардың ата-аналары келіп қатысты. Салтанатқа сонымен қатар, әскери бөлімнің ардагерлері де шақырылды. Олар жас сарбаздарға және әскери бөлімнің барлық құрамына жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейдегі белестерін бағындыруларына тілектестік бідірді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан»