• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Шілде, 2017

Астана орманында жеміс-жидек теру науқаны басталды

802 рет
көрсетілді

Елорда іргесіндегі ормандарда қарақат теру науқаны басталды. Бүгінде қалаға кіре беріс жолдарда жеміс-жидек саудасы жандана қыза түсті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазір ауа-райының құбылып, шауын-шашын болуына байланысты қарақат терушілер азайды. Бірақ күн сайын ең аз дегенде кемі он шақты адам келіп теріп кетеді», - деді «Астана орманы» ЖШС-нің бас агрономы Ардақ Хасенов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары жаз кезіндегі жидек науқанында келушілер қатары артып келеді.

«Сенбі, жексенбі күндері қарақат теруге келетіндер көбейеді. Сондай-ақ маусым соңына дейін күн сайын біздің орманға келіп, қарақат теріп оны сатумен айналысатын адамдар бар. Демалыс күндері әдетте теріп-сатушылардың саны 50-60-қа жетеді. Сонымен бірге, астаналықтардан бөлек, қаланың маңындағы ауылдардан арнайы келіп теріп кететіндер бер», - дейді агроном.

Орманшылардың есептеуінше, бір гектардан орта есеппен 3 тонна қарақат жиналады. Жолдың жиегіндегі «жидек базарында» қарақаттың бір шелегінің (10 литр) бағасы 2 мың теңге. Ал қала ішіндегі бау-бақша өнімдерін сататын шағын базарларда 2-5 мың теңге аралығында.