• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Шілде, 2017

Николас Кейдждің Қазақстанға келуін бүкіл әлем талқылап жатыр (видео)

250 рет
көрсетілді

«Оскар» сыйлығының иегері, Голливудтың танымал актеры Николас Кейдж 22 шілде күні XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға келген болатын.

Актер Астана әкімі Әсет Исекешевпен бірге ағаш отырғызып, «Бес құрлық» атты балалар фильмдерінің фестиваліне қатысты. Сонымен қатар оның Астанада "Алмас қылыш" фильмінің продюсері мен режиссері Рүстем Әбдірашевпен кездескені хабарланды. 

Бір қызығы, басқа да танымал адамдардың келгеніне қарамастан әлем назары Николас Кейджге ауды. Николас Кейджге шапан кигізген сәттегі суреттің бүкіл әлемге тарап кеткені сонша, ол туралы танымал Huffington Post та жазды.  "Николас Кейдждің Қазақстанға баруы өте маңызды болып көрінбеуі мүмкін, бірақ оның суреті бірден әлем назарын өзіне аударды", дейді басылым. 

In other news, Nicolas Cage is in Kazakhstan. pic.twitter.com/ceAk0ktgqy

— Fabrice Deprez (@fabrice_deprez) 23 июля 2017 г.

Nicholas Cage in Kazakhstan in our traditional attire lmao pic.twitter.com/MAAWpB8skC

— Adil4Real (@adil_4_real) 23 июля 2017 г.

Please tell me he's there to film the ultimate action movie/ buddy-comedy: pic.twitter.com/eRR0iq0P6q

— Josh Thompson (@jdthmpsn) 23 июля 2017 г.

Аталған суреттің кең таралуына байланысты "Евразия" кинфестивалінің Президенті Айман Мұсақожаева пікір білдірді. "Оның ұйқысы қанбады. Келе салысымен актерді баспасөз конференциясына, басқа да шараларға шақырып, үстіне шапан жаптық. Яғни, ол таңертең келе салысымен жұмысқа кірісті. Ал АҚШ-пен уақыт ерекшелігі 12 сағат екенін ескеру керек. Ол кезде Америкада түн еді", деді ол.  

Оның айтуынша, елімізге бірінші рет келген Николас Кейджге Қазақстан ұнаған. Актер Астананың медиа орталығына берген сұхбатында да қазақстандықтардың қонақжайлығын ерекше атап өтіп, алғысын білдірген.