• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда жергілікті полиция қызметі есеп берді

123 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан өңірлік коммуникациялар орталығында жергілікті полиция қызметінің жарты жылдық қорытындыларына арналған брифинг өтті.

Брифингте облыстық ІІД бастығының орынбасары Қайрат Оразалин мен жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев алты айда қылмыстардың 28 пайызға төмендегенін, жағдай тұрақты бақылауда тұрғанын жеткізді. Осы аралықта бес мыңнан аса заң бұзушылық оқиғасы тіркелген.

Қылмыстардың ішінде ұрлық-қарлық 60 пайызды құрайды. Қылмыстарды ашу 3 пайызға жақсарған. Былтыр 775 пәтер тонау ұрлығы болса, биыл бұл көрсеткіш 592-ге төмендеді. 478 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін тағы 169 камера орнатылады. Олардың көмегімен 8 мыңға жуық әкімшілік заң бұзушылық әшкереленген. Былтыр 32403 тұлғаға 257 миллион теңге айыппұл салынып, 179 миллион теңгесі өндірілген.

Десек те, жол ержелерін бұзу фактілері әлі азаймай тұр. Әсіресе, ішімдік ішіп алып, көлік рөліне отырушылар қатары көп. Мәселен, 70 мың адамға хаттама толтырылса, соның жартысына жуығы мас күйінде рульге отырған, ұялы телефонмен сөйлескен болмаса жылдамдықты шектен тыс арттырған. 

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы