• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2017

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

171 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Бұл қағидаттарды өңірлік деңгейде іске асыруға арналған тетіктер мен құралдарға Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) секілді бір­лес­тік­тер жатады.

Бүгін біз еліміздің жоғарыда аталған ұй­ымдардың ішіндегі ҰҚШҰ-мен қа­тынасына аз-кем тоқталып өтуді жөн көрдік. Өйткені, биыл Ұжымдық қа­у­іпсіздік туралы шартқа қол қой­ыл­ғанына 25 жыл, ал осы Шарт негізінде ҰҚШҰ-ның халықаралық ұйым ретінде құ­рыл­ғанына 15 жыл толып отыр.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа Ташкент қаласында 1992 жылғы 15 мамырда, яғни осыдан 25 жыл бұрын, алты мемлекет қол қойды. Олар: Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. Ал 2002 жылғы 14 мамырда, нақтылай айтқанда 15 жыл бұрын, шартқа қатысушы елдер бұл көп­жақты құжаттың негізінде нақты ха­­лықаралық ұйым құру туралы шешім қа­­былдады. Бүгінде ҰҚШҰ-ға алты мем­­лекет мүше ( ұйымнан шығып кеткен Өзбекстанның орнын Беларусь тол­тыр­ды).

ҰҚШҰ-ның тарихында оның әре­кеттеріне түрлі бағалар бе­ріл­­ген. Мәселен, 2010 жылы орын ал­ған Қырғызстандағы жаппай қақ­ты­ғыс­тарды тоқтату үшін елдің сол кез­дегі пре­зиденті Роза Отун­ба­ева ҰҚШҰ-ның же­дел ықпал ету күш­терін пайдалану ту­ралы өтініш жаса­ған. Алайда, ұйым бас­шылығы Қырғызстан­ға әскерлерді жі­бе­руден бас тартты. Уа­қы­тында бұл шешім «онда ҰҚШҰ неге керек?» деген сұрақты туындатып, ұйым қа­таң сынға ұшыраған. Бірақ жылдар өте келе, аталған шешімді қабыл­да­­ған­дардың көрегендігі айқын болды. Өйт­­кені, ел ішіндегі қақтығысқа шет­ел­­дік әскерлердің қатысуы шиеленісті бәсендетудің орнына кері нәтижеге алып келуі әбден ықтимал еді.

Ал Қазақстанға ҰҚШҰ-ның нендей пайдасы бар деген сауалға жауап іздесек, біріншіден, бұл ұйым шетелдік қару-жарақтарды, әскери және арнайы техникаларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің әскери күштерімізді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерімізді бюджет қаражаттарын үнемдей отырып, заманауи қару-жарақтармен және техникамен жабдықтауға жол ашады.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ шеңберінде көпжылдық Әскери-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Осы құжаттың бір талабы ретінде қа­ру-жарақтар мен әскери техника сала­сын­да қызмет көрсетуге арналған орта­лық­тардың жүйесін құру іске асырылуда. Бұл отандық әскери өнеркәсіптің әлеу­етін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Қазақстан өз әскери қыз­мет­шілерін Ресей мен Беларусьтің әскери жоғары оқу орындарында ақысыз немесе жеңілдікпен оқыта алады. Еліміз, өз кезегінде, Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген әскерилерге дәл осындай мүмкіндіктер береді.

Ұйым шеңберінде коалициялық және өңірлік негіздегі топтасуларды, бітімгершілік күштерді, құқық қор­ғау органдарын, сондай-ақ, ТЖМ ор­ган­дарының арнайы мақсаттағы бө­лім­шелерін қамтитын ұжымдық қау­іп­сіздік жүйесі құрылған. Аталған бө­лім­шелердің әскери дайындығын же­тіл­діру және дамыту әрі әскери рет­тілік тетіктерін пысықтау мақса­тын­да үнемі әртүрлі жаттығулар өткізіледі.

Жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге тоқталатын болсақ, қазіргі таңда ҰҚШҰ халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударып отыр. Қазақстан өкілдерінің белсенді жұмыстарының нәтижесінде 2016 жылғы қазанда өткен ҰҚШҰ отырысында халықаралық терро­ризмге қарсы күреске қатысты іс-шаралардың тізбесі қабылданып, ҰҚШҰ пішімінде террористік деп та­ныл­ған ұйымдардың бірыңғай тізімі бе­кітілді. Сонымен қатар, Қазақстанның 2012 жылы ұйымға төрағалық етуі кезеңіндегі басымдықтарын іске асыру мақсатында ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясы қабылданды.

Жалпы, ҰҚШҰ шеңберінде өткі­зі­летін іс-шаралар Қазақстанның ұлт­тық қауіпсіздігін, сондай-ақ, өңір­лік тұрақтылықты қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуда. Бұл арада ұйым­ның халықаралық аренадаға беделінің өсу­іне, оның қалыптасуы мен дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сі­ңір­ген еңбегі айрықша екенін айт­қанымыз жөн.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры