• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2017

Қос отбасының қуанышы

255 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытынды кезеңінде екі шаңырақ жеңімпаз деп танылды. Барлығы 264 отбасы бақ сынаған аталмыш сайыста 72 отбасының дәстүрі ұсынылған. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаз отбасыларға сәттілік тіледі.

– Біздің халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бар. Осы даналық сөздің аясына бәрін сыйғызуға болады. Себебі, отбасында ұлағатты тәрбие алған баланың болашағы – зор, арманы – асқақ, мақсаты айқын болмақ. Елбасымыз өз тілін, тарихын мәдениеті мен дәстүрін қадірлейтін ұлт қана толыққанды болып табылады. Біздің қоғамда дәстүрді сақтаудың маңызды институты отбасы деп, ерекше атап көрсетті. Ата-ананың өнегелі ісінен үлгі алған баладан күні ертең отаншыл азамат шықпақ, – деді аймақ басшысының орынбасары.

Бұл жолғы сайыста қазылар алқасы үздік отбасы мүшелерін жылдағыдай шығармашылық қабілетіне қарай емес, өңірге сіңген еңбегіне қарай анықтады.

Қазылардың қорытындысы бойынша қос отбасы жеңімпаз атанды.

Екі бірінші орынның біреуін Қарқаралы ауданынан Кабуловтар отбасы иеленді. Мағдат Кабулов пен Фатима Фахреддинова 11 бала, 24 немере, 2 шөбере тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылардың отбасылық өтілі – 58 жыл.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Теміртау қаласынан келген Куриленколар отбасы да комиссия шешімі бойынша бірінші орынға лайық деп танылды. 65 жыл отасқан отбасы 5 бала, 10 немере, 7 шөбере тәрбиелеуде.

Жеңімпаз атанған – Кабуловтар мен Куриленколар отбасылары «Жартас» шипа­жайына жолдама алды. Енді олар «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңіне қатысатын болады.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы