• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2017

Жамағат доп тебуден жарысады

118 рет
көрсетілді

Жексенбінің сауапты бір күнінде Алматыдағы «Төле би» және «Музза­миль» мешіттеріне келу­ші жамағат арасында футболдан жарыс өтті.

Қалалық сайыстарда мешіт­терінің жақсы атын шығару үшін жарыс жолына түскен 10 команда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­сите­тінің футбол алаңына жиналды. Оның бесеуі «Төле би», қалған бесеуі «Муз­замиль» меші­тінің ұжымдары болды.

Жарыс жолында 10 ұпай жинаған «Қара тамыр» командасы бірінші орын алып, «Төле би» мешітінің абыройын қорғайтын болды. Екінші орынды «Аңсар» ойыншылары иемденсе, «Арман» футболшылары 6 ұпай жинап, қоланы қанағат тұтты.

Ал «Муззамиль» мешітінің өкіл­дері арасында «Салих», «Спарта» жә­не «Дружба-1» коман­да­лары 9 ұпай­дан қанжығаға бай­лап, жүлделі орын­дар­ды жеке кез­десулері арқылы бөліп алды.

Айтқандай, «Асыл мұра» бағдар­ламасы аясында өткен футбол тур­нирі 7 шілде күні ашылып, Алматы қаласының мешітке келуші жама­ғат­тары арасындағы бұқаралық спорт­ты дамытуға негізделген.

Алдыңғы аптада бастау алған футбол лигасына қалада орналасқан 48 мешіттің өкілдері өзара мықтыны анықтап, қалалық турнирде жолы­ғатын болады.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ