«Бәсеке бірнеше күнге созылып, спринттік, жекелей, командалық, нысана көздеу, эстафета тағы басқа түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылды», дейді жарыстың бас төрешісі Раис Хайрутдинов.
Биатлоннан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Мақсат Шараповтың айтуынша жыл өткен сайын елімізде қысқы және жазғы биатлонның бәсі артып келеді. Азия ойындары мен Универсиадада биатлоншыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсеткен. Қазір бұл спорт түрімен 1500-ден астам спортшы тұрақты түрде айналысады.
Жарыс қорытындысында Ақмола облысының командасы бірінші орынды иеленді. Екінші, үшінші орындарды Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері бөлісті.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»