• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

117 рет
көрсетілді

26 шілде күні сағат 20:00-де  «Астана Арена» стадионында «Астана» – «Легия»  командалары арасыда чемпиондар лигасының матчы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары спорт алаңына 11 қоғамдық көлікпен жете алады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сағат 18.00-ден  «Астана Арена» спорт кешеніне жанкүйерлерді жеткізу үшін 4 жерден арнайы автобустар ұйымдастырылады. Арнайы автобуспен жету үшін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, Астаналық цирк және «Жастар» сарайының алдына бару қажет. Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеті жарамсыз.

Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады.  Сағат 21.00-ден Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Астана Арена» стадионының тұрақ алаңына қалалық таксидің ресми тасымалдаушылары келетін болады.