• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 26 Шілде, 2017

ЭКСПО-2017. Куба карнавал шеруін өткізеді

264 рет
көрсетілді

2017 жылдың 26 шілдесі күні ЭКСПО-2017 аясында Куба Республикасының Ұлттық күні мерекеленеді. Бұл туралы ЭКСПО-2017 медиа орталығы хабарлады.

Хабарламада «Ел делегаттарын - қатысушыларды Куба Республикасындағы Сауда палатасының президенті - Орландо Николас Гильен бастап келеді» делінген.

Айта кетейік, Куба елі өзінің Ұлттық күнін барлық мамандандырылған көрмелерде 26 шілде күні өткізеді. 1953 жылдың 26 шілдесі күні Фидель Кастроның басқаруымен жас кубалықтардан құрылған топ Фульхенсио Батист диктатурасына қарсы әскери күрес бастау мақсатымен «Монкада» әскери казармаларына шабуыл жасады.

Кубаның ұлттық күнінде «Куба ырғақтары» деген атпен музыкалық шоулар ұйымдастырылмақшы. Бұл Куба мәдениетінің қуаттылығы мен ерекшелігімен танысуға таптырмайтын мүмкіндік.

«Шоу бағдарламаны Кубаның ұлттық күні сахнасынан Латын Америкасының павильонына дейін жалғасатын карнавал шеруі аяқтайды» делінген хабарламада.