• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2017

Сағадиев: Білімді алу жолын барынша қолжетімді етсек, жемқорлық әрекеттері азаяды

162 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, алдымен жемқорлықтың экономикалық себептерімен күресу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білімді халық үшін барынша қолжетімді етсек, жемқорлық әрекеттері де азаяды. Балабақшалар көп болуы тиіс. Сол кезде кезектер де болмайды. Мектептер де білім жағынан бірдей болса, ата-аналар таныс іздеп сабылмайды. Сосын білім саласына қоғамның өзін тарту қажет. Мысалы, қазір бақылаушы кеңестер жақсы жұмыс жасап келеді. Бізде жоғары оқу орындары мен балалар үйлерінде ондай тәжірибе сәтті іске асып отыр. Барлық балалар үйлерінің жанынан бақылаушы кеңестері құрылды. Оған балалар құқықтарын қорғайтын ұйымдар және тағы басқа қоғам өкілдері кіреді. Қазір жемқорлыққа қатысты оқиғалар аталған кеңестерде қаралады. Осылайша, қоғам жемқорлықтың азаюына өз септігін тигізеді», - деді Сағадиев бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, білім саласындағы тексерістерді де барынша азайтқан жөн.

«Мысалы, былтыр біз мектептердің аттестациясын мүлдем алып тастадық. Өйткені оның ешбір қажеті жоқ. Қанша тексерсек те, мектептерді жаба алмаймыз. Ал білім саласын бақылау жөніндегі комитет қағалау органы ретінде емес, мектептерді дамытуға көмектесетін мекеме болып қалыптасуы шарт», деп атап көрсетті Ерлан Кенжеғалиұлы.