• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Футбол 26 Шілде, 2017

«Қайратқа» жаңа бапкер тағайындалды

191 рет
көрсетілді

«Қайрат» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды vesti.kz.

Алматылық ұжымды енді испаниялық Карлос Алос Феррер жаттықтыратын болады. Ол бүгін ресми түрде «Қайрат» ФК бас жаттықтырушы болып тағайындалды.

«Клубтағы ойыншалар құрамында жаңа маусымға дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Жаңа бапкер бар құраммен жұмыс істейді. Испаниядан тағы екі адам келеді деп күтіліп отыр. Оның біреуі аудармашы, біреуі физиотерапевт. Олардың есімдері әлі белгісіз», дейді клубтың медиа-офицері Бағыжан Әбуов.

«Карлос Алос Феррер бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер (17 жастағы) құрама командасында бапкер болған. Сонымен қатар, Қазақстан Футбол федерациясының бапкерлік кеңесінде мүше болған. Польшаның Щецин қаласындағы «Погонь» футбол клубында бас бапкер және Польшадағы «Барселона» футбол академиясында директор болған. Мұнымен қатар, Гонконтағы фтубол академиясында да бас директкор қызметін атқарған», - деді Б.Әбуев.