• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2017

CZAstana мобильдік қосымшасының жаңартылған нұсқасы іске қосылды

127 рет
көрсетілді

Қосымша GooglePlay и AppStore дүкендерінде қолжетімді, дейді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа нұсқаның бұған дейінгіден айырмашылығы – жұмыс берушілер өтініш, ал іздеушілер өзі туралы ақпарат қалдырады. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, қосымшаны жүктеп алу көлемі бүгінде 5 мыңды құрайды.

Мобильдік қосымша мен әлеуметтік желілердің арқасында қолданушылар еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы біліп, кәсіби мамандығына қатысты тесттен өте алады, сонымен қатар түйіндемені қалай дұрыс толтыру қажет, әңгімелесу кезінде сұрақтарға қалай жауап беру керектігі туралы ақпарат алуға болады. Жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары туралы да ақпарат бар. 

Сондай-ақ қосымшада жоспарланған шаралар, курстар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, шеберлік сыныптарының тізімі жазылған.

«Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ өз жұмысында Facebook, Твиттер, Инстаграм және ВКонтакте әлеуметтік желілерін белсенді қолданады. Оларда 3 мыңнан астам қолданушы тіркелген.

Қазіргі уақытта Астана жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі бойынша алдыңғы орында тұр. Бұл көрсеткіш республикалықтан 0,3% пункт төмен.

Елордада жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың І тоқсанына 4,6%-ды құрайды