«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарын бастайды. Оның әртүрлісі бар, 3, 6, 9 ай болып бөлінеді. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтетін болса, онда оның жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша шәкіртақысы төленеді. Жол шығыны өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса жалақысына 25 пайыз үстеме қосылады»,- деді Ерлан Сағадиев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта екі жылдан кейін ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің мұғалімдері тілдік курстардан өтуде.