• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Бокс 26 Шілде, 2017

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

286 рет
көрсетілді

Бокстан 2019 жылғы әлем біріншілігі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күні Мәскеу қаласында AIBA Атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті. Онда 2019 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ресейдің Сочи қаласында өтетін болып бекітілді. Дода «Айсберг» спорт кешенінде өтеді.

Турнирді өткізуге Түркия, Украина, Тайланд және Үндістан елдері үміткер болған. Отырыста АИБА президенті Чинг-Куо Ву: «2019 жылы Ресейде өтетін бокстан әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Ресей бокс федерациясының басшылығы доданы ұйымдастыруға бар күш-жігерін салады. Әлем біріншілігін жоғары деңгейде өткізетініне күмәнім жоқ», деп атап өтті.

Еске сала кетейік, Ресей ерлер арасындағы әлем чемпионатын соңғы рет 1989 (КСРО кезінде) қабылдаған болатын.