Кеңеске Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымов және Қырғызстан ішкі істер министрі У.Исраилов, сондай-ақ, салаға қатысты органдар басшылары қатысты.
Тараптардың делегация басшылары екіжақты ведомствоаралық ынтымақтастықтың дамуына жақсы баға берді. Жиын барысында Тараз қаласында өткізілген алғашқы Бірлескен кеңестің шешімдері табысты жүзеге асырылғаны, сондай-ақ, шекаралық ынтымақтастықтың белсенді жүргізіліп жатқаны аталып өтті.
Отырысқа қатысушылар шекаралық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын қарастырып, экстремизмге қарсы күресте іс-әрекеттерді жетілдіру мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, екіжақты іс-әрекеттерді нығайту мақсатында іздеу жарияланған қылмыскерлерге, із-түзсіз жоғалғандар мен анықталмаған мүрдеге қатысты ақпаратты және атыс қарулары, автокөліктер, есірт- кі құралдары, ұрланған малдарды контрабандалық жолмен тасымалдаушылар, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері мен басшылары туралы мәліметтерді жедел алмасу керектігі айтылып, ортақ мәміле жасалды. Сондай-ақ, шекаралық өңірлерде келісілген жедел іздестіру шаралары мен арнайы операциялар жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Отырыстың қорытындысында делегация басшылары шекаралық қылмысқа тосқауыл қоюға, сонымен бірге экстремизмге қарсы күресте екіжақты ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру шараларын қарастыратын хаттамаға қол қойды.