• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2017

Хан қылышы табылды

862 рет
көрсетілді

«Әзірет Сұл­тан» мем­лекеттік тарихи мәдени қорық-мұра­­жайы­ның қоры тағы да бір аса құнды жәді­гермен толықты.

Ол – болат­тан жасалған қы­лыш. Сүйектен жасалған тұтқа-сабы­ның төменгі бө­лік­тері сынған. Ептеп тотық­қан. Қылыш­тың жүзіндегі көп­теген кертпе іздері оның әскери қақ­тығыстарда пайда­ланыл­ғандығын көрсетсе керек. Қайқыланған пішін­дегі қылыштарды «жатаған қы­лыш» деп те атайды. Қы­лыш­­­тың өткірленген жүзі­не қарсы бетінің жарты түтік пішінді болып келуі, қылыш­тың әскери әрекет­терде қарсы­ласты тек шабу үшін ғана емес, түйреу мақ­сатына да арналғандығын аңғартып тұр. Жүзі мен сабы­ның түйіскен жері жезбен көмкерілген.

Бұл қылышты біре­гей жәдігерлер қатарына жатқы­зу­ға мүмкіндік беретін өзге­ше белгісі бар. Ол – қылыш сабы­ның төменгі бөлігіндегі 1798 жыл­дан 1809 жылға дейін Қоқан ханы болған Алим Хан не­месе Бұхара әмірлігінің соң­ғы билеушісі Сеид Мір Мұхаммед Алим ханның аты жа­зыл­ған жеке мөр бедерінің түсірілуі болып отыр. Бұған де­йін хандар ұстаған, тұ­тын­ған заттар бұл қорық-мұражайда кез­деспеген.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр­дың басын­дағы қазақ тарихы­на қатысты мәлі­мет көзі санала­тын мұн­дай жәдігер­лер тарих ақ­таң­дақтарын ай­қындауға сеп болар тың жа­ңалықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беруі бек мүмкін. Оның үстіне мұндай бел­гілі бір тарихи тұлға есімінің жәді­гер бетінде кездесуі оның экс­понат тұр­ғы­сындағы құн­ды­лығын арт­тыра түсетіні белгілі. 

«Егемен-ақпарат»