• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Елорда жаяу жүргіншілері жол ережесін 6000 рет бұзған

257 рет
көрсетілді

Әр бесінші жол-көлік апаты жаяу жүргіншілердің ереже бұзуынан орын алып отыр. 

Жыл басынан елордалық полицейлер жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережесінің 6000-нан астам бұзушылығын тіркеді, салынған айыппұл сомасы 50 476 906 теңге.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, қабылданып жатқан шаралар мен әкімшілік жауапкершілікке қарамастан, жаяу жүргіншілер жол қозғалыс ережесіне әлі де салғырт қарауда. ЖКА алдын алу үшін елордалық жол полиция қызметі 4-5 тамыз аралығында «Жаяу жүргінші» акциясын өткізеді. Апатты-қауіпті жол учаскелерінде жол-патруль қызметінің жұмысы күшейтіледі.

- Жаяу жүргіншілер өтпежолдармен, ол болмаған жағдайда жолдың жиегімен жүруі тиіс. Жаяу жүргіншілер жолды арнайы жаяу жүргіншілер өтпежолы (оның ішінде жерасты) арқылы қиып өтуі қажет. Яғни белгіленбеген жерде жолды қиып өтуге болмайды, - деді тәртіп сақшысы.